Еnbek.kz порталында жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер қабылдау басталады

Еnbek.kz порталында  жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер қабылдау басталады gov.kz

1 қазаннан бастап Еnbek.kz порталында жұмыс берушілерден субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер қабылдау басталады


Еnbek.kz порталы арқылы осы жылдың 1 қазанынан бастап 2024 жылы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын ұйымдастырғысы келетін жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдау басталады.



Жұмыс берушілер өз кәсіпорнында субсидияланатын жұмыс орындарының мынадай түрлерін ұйымдастыра алады:


- қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары,


- «Алғашқы жұмыс орны»,


- «Ұрпақтар келісімшарты»


- «Күміс жас» жобалары шеңберінде жұмыс орындары.



Жұмыс беруші қосымша жұмыс орындарын ұйымдастырады, ал мемлекет жұмысшылардың жалақысын толық немесе ішінара төлейді.


Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 31 қазанға дейін жалғасады.


Жұмыс беруші Еnbek.kz-тегі жеке кабинет арқылы жұмыс орнын құруды жоспарлап отырған өңірдің мансап орталығына онлайн-өтінім бере алады. Еnbek.kz-те мансап орталығымен келісімшарт жасасқаннан кейін тіркелген жұмыссыздар арасынан лайықты кандидатты таңдап, оны жұмысқа қабылдауға, сондай-ақ қабылданған жұмыскердің уақыт кестесін ай сайын онлайн жіберуге болады.



Қазақстандықтарды субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін түрлі бағдарламаларға 2023 жылы 47 мың жұмыс беруші қатысуда, нәтижесінде 176 мыңнан астам жұмыссыз жұмысқа орналастырылды.



Бір жылдан астам жұмыс істейтін және салық төлемдері, әлеуметтік аударымдар және жалақы бойынша берешегі жоқ жұмыс берушілердің субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруда мемлекеттің қолдауына ие болу мүмкіндігі бар.


Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысқысы келетін кәсіпкерлер Еnbek.kz порталынан немесе жергілікті мансап орталығынан толық ақпарат ала алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37

08:33

18:56

18:03