Еліміздегі әкімдердің рейтингі жол сапасы арқылы анықталады

Еліміздегі  әкімдердің рейтингі жол сапасы арқылы анықталады Сурет: Inform.kz

Жолдардың сапасы әкімдердің рейтингіне әсер етеді.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстандағы әкімдердің рейтингі жол сапасы арқылы анықталатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 


Министр орындалған жұмыстардың сапасын бақылауды арттыру мақсатында «Көлік туралы» заң жобасы аясында кепілдік мерзімінде мердігерлермен тең дәрежеде авторлық және техникалық қадағалаудың бірлескен жауапкершілігі енгізілгенін атап өтті. 



"Сонымен қатар, жол сапасын қамтамасыз ету үшін мыңнан аса нормативтік құқықтық акт қайта қаралып жатыр. Өңірдегі жолдардың сапасы бойынша әкімдердің рейтингін анықтаудың әдістемесі әзірленді", – деді Қ. Өскенбаев Үкімет отырысында.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:23

08:44

08:01

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13