Елімізде 654 пойыз вагонының тозығы жетіп тұр

Елімізде 654 пойыз вагонының тозығы жетіп тұр Сурет: Astanatv.kz

Ел аумағында қатынап жүрген 654 вагонның (32%) қолдану мерзімі 20 жыл және одан жоғары.


Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Бүгінде бізде қолданыста 2098 вагон бар. Біздің ескі вагондарға жиі-жиі сын айтылады, біз оны қабылдаймыз. Қатынап жүрген 654 вагонның (32%) қолдану мерзімі 20 жыл және одан жоғары. Бұл - ескі вагондар. Өткен жылы 256 ескі вагонды істен шығардық. Соңғы 10 жылда «Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі 50%-ға жаңартылды. Қауіпсіздік, жайлылық және экология талаптарына сәйкес заманауи халықаралық талаптарға жауап беретін 1200-ден астам вагон сатып алынды», - деді Жәнібек Тайжанов.



Сондай-ақ, спикер Үкіметтің қолдауымен жыл сайын пойыз вагондары жаңартылып жатқанын айтты.



«Қазір 654 ескі вагон бар. Олар әр бағытта қатынайды. Қалған вагондар бойынша 52% - бұл шамамен 1100 вагон 11 жылға дейін қолданылып келе жатыр. Қалған бөлігінің пайдаланылған мерзімі - 11-20 аралығында», - дейді ол.



Оның айтуынша, істен шыққан вагондардың пайдалану мерзімі 40 жыл және одан да көп болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:45

16:10

15:12

14:45

14:10

13:45

13:27

13:24

13:15

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45

13:26

13:03