Еліміз бойынша 8 учаскеде жол төсемі мәжбүрлі түрде бұзылды

Еліміз бойынша 8 учаскеде жол  төсемі мәжбүрлі түрде бұзылды Сурет: Inform. kz

Еріген қар суын  өткізу үшін  жалпы ұзындығы 70 метр  болатын жол бұзылды. 


Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Көлік министрлігі автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев айтты,  деп хабарлайды  Almaty -akshamy. kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


«Жергілікті жолдар бойынша 12 облыста су басудың 333 жағдайы тіркелді. Жалпы ұзындығы 1 238 шақырымды құрайтын 90 учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылды», – деді ол.


Мәселен, Ақтөбе облысында Қандыағаш – Ембі қалалары аралығында Қандыағаш, Ембі, Шалқар, Ырғыз республикалық маңызы бар жол учаскесінде қозғалыс шектелген. Атырау облысында Мұқыр-Құлсары автомобиль жолында Доссор мен Құлсары қалалары арасында жол жабық.


Қостанай облысында ҚР мен РФ арасындағы бейтарап белдеуде орналасқан Желқуар өзеніндегі судың күрт келуіне байланысты Мариновка ауылына кіреберіс автомобиль жолында шектеу қойылды.


СҚО Есіл өзенінің су деңгейінің көтерілуіне және автомобиль жолдарын еріген судың басып кетуіне байланысты республикалық маңызы бар 6 учаскесінде жол қозғалысы шектелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53