Елена Рыбакина WTA 500 жарысының екі мәрте жеңімпазы атанды

Елена Рыбакина WTA 500 жарысының екі мәрте жеңімпазы атанды фото: Ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби (ОАӘ) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды.



Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен бас жүлдені сарапқа салды. Осыған дейін қарсыластар төрт мәрте кездескен еді. Есеп тең – 2:2.




  • Бұл жолы бірінші партияда Е.Рыбакина бет қаратпады – 6:1. Елена екінші сетте де брейкпен алға кеткенімен, ресейлік теннисші сол бойда таразы басын теңестірді – 2:2.

  • Есеп 4:4 болған мезетте Рыбакина тағы бір брейк жасай алды – 5:4. Содан кейін матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:4.

  • Бір сағат 10 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 3 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды. Касаткина 5 брейк-пойнттың үшеуін құр жіберген жоқ. 



Осылайша, биыл Елена Рыбакина WTA 500 жарысында екінші рет жеңімпаз атанды. Ол өткен айда Брисбенде (Аустралия) үздік шыққан еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14