Елена Рыбакина masters турнирін жеңіспен бастады

Елена Рыбакина masters турнирін жеңіспен бастады сурет: prosports.kz

Индиан-Уэллс WTA 1000 додасы 19 наурызға дейін жалғасады.


Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші 2020 жылғы Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы, қазіргі кезде рейтингте 170-орында тұрған америкалық Софья Кенинмен кездесті.


Е.Рыбакина тартысты бәсекеде 7:6 (8:6), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.


Екі сағат 8 минутқа созылған матчта қазақстандық спортшы 6 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. С.Кенин эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.


Е.Рыбакина келесі айналымда испаниялықтар, әлемнің 22-ракеткасы Паула Бадоса немесе рейтингте 88-сатыдағы Нурия Парризас-Диастың біреуімен шеберлік байқасады.


Жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған Индиан-Уэллс WTA 1000 додасы 19 наурызға дейін жалғасады. Онда өткен жылы әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек чемпион атанған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:45

16:10

15:12

14:45

14:10

13:45

13:27

13:24

13:15

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45

13:26

13:03