Елде санақ мерзімі ұзартылды

Елде санақ мерзімі ұзартылды Сурет: Inbusiness.kz

Елде халық санағы 8 қарашаға дейін ұзартылды


Арнайы комиссия осындай шешім қабылдады. Он жылда бір өтетін шараға халық белсенді қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Десе де «жұмыс әлі аяқталған жоқ», – деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов. Айта кетейік, дәстүрлі науқан 1 қыркүйекте басталды. Бұл жолғы санақтың басты өзгешелігі – дәстүрлі және онлайн форматта өтуі. Соңғы ақпарат бойынша, қазір елде 19 млн аса адам санаққа қатысқан.


Ел азаматтарынан бөлек, Қазақстанда уақытша тұрып жатқандар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ босқындар есепке алынады. Санаққа белсенді қатысқандардың көшін Алматы бастап тұр. Жамбыл, Ақтөбе, Түркістан мен Шығыс Қазақстанда да қамту көрсеткіші жоғары.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14