Елде кейбір пойыздардың нөмірі мен қатынау бағыты өзгерді

Елде кейбір пойыздардың нөмірі мен қатынау бағыты өзгерді Сурет: 24.kz

Бұл өзгерістер қыркүйек айынан басталады. 


Елде бірнеше пойыздың нөмірі мен қатынау бағыты өзгерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 


Нұр-Сұлтан - Шымкент бағыты бойынша: 


- 1 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар күнделікті №86/85 Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент пойызы; 


-  1 қыркүйектен бастап стандартты вагондармен жасақталған №71/72 Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент күнделікті қатынайтын коммерциялық пойызы тағайындалады. 


Сонымен қатар 5 қыркүйектен бастап №71/72 пойыздың Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент бағытындағы қатынасы өзгереді. 


Атырау - Алматы бағыты бойынша: 


- 1 қыркүйектен бастап стандартты вагондардан күн сайын қатынау кезеңділігімен №29/30 Атырау - Алматы-2 коммерциялық пойызы; 


- 3 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар №41/42 Алматы-2 - Атырау пойызы күн сайын қатынау жиілігімен тағайындалады. 


Басқа бағыттар бойынша: 


- 5 қыркүйектен бастап №10/9 пойыздың Нұр-Сұлтан-1 – Алматы-1 бағытындағы қатынасы өзгереді; 


- 5 қыркүйектен бастап №73/74 Алматы-2 – Жезқазған жедел пойызы құрамында Тальго вагондары (стандартты вагондардың орнына) күнара жиілігімен жүреді; 


- 3 қыркүйектен бастап №69/70 Алматы-2 - Өскемен-1 Тальго коммерциялық пойызының жүрісі тоқтатылады. 



Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын (билеттерін) BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдеуді сұрайды. Қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін «Күту парағы» функционалын пайдалануды ұсынамыз. Сондай-ақ жолаушылардан жүру жолында және елдің вокзалдарында бетперде режимін сақтауды сұраймыз, – делінген хабарламада.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53