Ел құрамасы футболдан Тәжікстанмен өткен жолдастық кездесуде жеңіске жетті

Ел құрамасы футболдан Тәжікстанмен өткен жолдастық кездесуде жеңіске жетті Сурет: 24.kz

Нұр-Сұлтанда өткен жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Тәжікстанға қарсы ойнады


Бастапқы құрамдар төмендегідей болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.


Қазақстан: Шацкий, Қасым, Малый, Логвиненко, Астанов, Дарабаев, Тағыберген, Қуат, Васильев, Зайнутдинов, Щеткин;


Тәжікстан: Киргизбоев, Джурабоев А., Эргашев, Умарбоев, Давронов, Жалилов А., Рахимов, Бабоев, Панджшанбе, Джурабоев З., Жалилов М.


Матчтағы жалғыз допты Бактиер Зайнутдинов соқты. Он екінші минутта қонақтар қақпашысы өрескел қателікке бой алдырып, ЦСКА-ның футболшысының гол соғуына мүмкіндік жасап берді. 


Қалған уақытта тәжіктер таразы басын теңестіруге тырысып, бірнеше шабуыл ұйымдастырғанымен, Талғат Байсуфинов командасының жолы болды. 


Осылайша Қазақстан құрамасы жылды жеңіспен аяқтады.


Қазақстан – Тәжікстан 1:0 (1:0)


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

17:14

16:45

16:10

15:12

14:45

14:10

13:45

13:27

13:24

13:15

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45