Ел мүддесін көздейді 

Ел мүддесін көздейді  Сурет: Egemen.kz

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында: «Шаруалардың қажетті жанар-жағар майды қолайлы бағамен алуын қамтамасыз ету керек. Ауылшаруашылығы техникаларының дайындығын, тұқым мен тыңайтқыш қорларын қайта тексерген жөн. Бірқатар өңірдегі жауын-шашынның аздығы егіннің шығымын мандытпай, жем-шөптің жетіспеуіне әкеп соқтыруы мүмкін екенін ұмытпайық. Жалпы, фермерлер қауымдастығымен бірлесіп, агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау тәсілдерін қайта қарау керек» дегені көңілге қонымды болды. 


Олай дейтінім, кейінгі жылдары ауыл шаруашылығы құлдырауға кетті. Оның себебі тура егін егетін және сол еңбекпен еккен егінді жинайтын уақытта жанар-жағар майдың бағасы шарықтап тапшы бола қалатыны бар. Соған тосқауыл қойып, қайта жанар-жағар маймен қамтамасыз етуіміз керек деді. Ол дегеніңіз, өзіміздің жеп отырған нанымыз бен тағамда көп қолданатын жеміс-жидектер бағасы тұрақтайды деген сөз. Тағы бір айта кететін нәрсе – қымбатшылықты тоқтату. 


Президентіміз: «Тапшылықтың және азық-түлік бағасының жөнсіз қымбаттауының алдын-алу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік тұрақты қорларға форвардтық бағалармен сатып алу  мәселесін пысықтау қажет. Алмағайып өзгерістер жағдайында мемлекеттік аппарат ахуалға тез бейімделіп, барынша үйлесімді әрекет етуге тисі. Шешімді жайбасарлықпен қабылдауға, шенеуніктік формализмге жол берілмейді. Қазір толықтай жұмылуымыз қажет» деді. Шынымен қымбатшылықты тоқтатып, бағаны тұрақтандырса, халықтың әл-ауқаты артады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09