Екінші жыл қатарынан бала туу көрсеткіші төмендеп отыр

Екінші жыл қатарынан бала туу көрсеткіші төмендеп отыр Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ұлттық статистика бюросы, бүгін, 2024 жылғы 22 сәуірде өткен жылға қатысты Қазақстандағы туу көрсеткіші туралы мәліметпен бөлісті.


Динамикаға сәйкес, елімізде екінші жыл қатарынан бала туу көрсеткішінің төмендеп отырғаны байқалады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2023 жылы Қазақстанда 388,4 мың сәби (403,8 мың – 2022 ж.) дүниеге келіпті. 


Оның:



  • 51,6% – ұлдар,

  • 48,4% – қыздар.


230,3 мың бала немесе туылғандардың 59% қалалық жерде туылса, қалған 158 мың бала, яғни 41% – ауылдық жерде дүниеге келген.



Бала туудың 2023 жылы туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,52 құрады, 2022 жылы ол 1000 адамға шаққанда 20,57 болған. Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (1000 тұрғынға 26,74 адам), Түркістан облысында (1000 тұрғынға 26,18 адам) және Шымкент қаласында (1000 тұрғынға 25,70 адам) байқалды.



Бала туу көрсеткіші бойынша 25-29 аралығындағы әйелдер – 29%, 30-34 жас аралығындағылар – 26%. Ал 20 жасқа дейінгі әйелдер өткен жылы 12,6 мың бала, 50 жастан асқандар 96 баланы дүниеге алып келген. Бұл ретте ананың орташа жасы 2023 жылы 29,7 жасты құрады.



Жиынтық коэффициенті (ТЖК) – республика бойынша 2023 жылы бүкіл репродуктивті кезең ішінде (15-49 жас) орта есеппен бір әйелден туған балалардың саны 2,96 (2022ж. – 3,05) құрады, қалалық жерде – 2,63 (2022ж. – 2,76), ауылдық жерде – 3,59 (2022ж. – 3,59).



Өңірлік бөліністе ТЖК ең жоғары деңгейі Түркістан (4,39), Маңғыстау (3,99) облыстарында, ал ең төменгі деңгей – Солтүстік Қазақстан облысында (1,82) тіркелді.



Туылған балалардың 23% – 90,7 мыңы отбасында екінші бала боп туған, отбасында сегізінші бала болғандардың саны 1 мыңнан астам.



Былтыр 4 075 (2022 ж. – 4 063) егіздер дүниеге келсе, 48 (2022 ж. – 50) үшем жарық дүние есігін ашқан. Жалпы төртем дүниеге алып келу бойынша бір оқиға тіркелген. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:27

09:57

09:48

09:45

09:35

09:31

09:23

08:44

08:01

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11