«Екі әлемнің қақпасы»

«Екі әлемнің қақпасы» Сурет: Almalife.kz

Осылай аталатын көрмеде  70-тен астам көркем және мүсіндік туындылар ұсынылады.


Суретші Темір Бегімбеттің «Екі әлемнің қақпасы» атты жеке көрмесі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


2024 жылғы 12 сәуірде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Темір Бегімбеттің (1951-2022) «Екі әлемнің қақпасы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.



Қазақстандық суретші Темір Бегімбеттің бейнелер әлемі екі мән – зат пен оның символының тоғысқан шекарасында туады. Ол жасаған әрбір жұмыс өзінің пайдалылығымен бірге терең символдық мағынаны қамтиды. Суретші біздің өміріміздегі барлық нәрсе ақылға қонымды және үйлесімді реттелгеніне сенімді. Темір Бегімбеттің жасаған туындылары шебердің қол қимылының жанды мәнерлілігін сақтап, оның сезімтал да ықыласты жүрегінің жылуын жеткізеді. Суретші өнерді бақсылардың ғұрыптық  бір әрекеті  деп есептейді, оның мақсаты дене мен рух арасындағы, адам мен әлем арасындағы үйлесімділікті қалпына келтіру. Темір Бегімбет ұқсастықты іздеп ғасырлар тереңдігіне, түркі халықтарының ежелгі құдайлары Тәңір мен Ұмай рухтарының патшалығына аттанады. Шебер үшін Тәңір мен Ұмай қазіргі әлемде де табиғи энергия мен ғарыш дуализмін бейнелейтін тірі болмысты сақтайды. Дәл осы аспан мен жердің билеушілері суретшіні кескіндеме мен қолданбалы жұмыстарды жасауға жиі шабыттандыратын.



Темір Бегімбет 1951 жылы 12 сәуірде Жамбыл облысында дүниеге келген.1972 жылы Украинаның Черновцы қаласындағы қолданбалы өнер жоғары училищесін «суретші-шебер» мамандығы бойынша бітірді. 1972-1985 жылдары Жамбыл қаласының «Облыстық көркемсурет шеберханасында» суретші-дизайнер болып жұмыс жасайды. 1986-1991 жылдары Алматы қаласындағы «Қазақ қалпына келтіру музейінде» суретші-реставратор болып жұмыс істеп,1991-1995 жылдары Семей қаласындағы «Абай атындағы әдеби-мемориалдық музейінде» Ұлы Абайдың киіз үйін қайта жасаумен айналысты. 1995-2022 жылдары  Райымбек ауылында  (Алматы) кәсіби-шығармашылық жұмыстармен айналысқан болатын.



Сүйектен ойылған ою-өрнек пен көркем  бейнелермен безендірілген сандықтар, қораптар мен шкафтар және кесте мен аппликациямен безендірілген тері мен киіздің фрагменттерінен тұратын қабырға панельдері – бұл әлемнің ерекше модельдері. Ал, тіректер мен ғарыш карталары, мандалалар мен бақсылардың дабылдары, олардың композициялары суретшінің санасынан туындаған терең дүниелері. Оларда Темір Бегімбеттің макроғарышта түсірген және микроғарыш масштабында түрлендірілген ерекше ырғағы бар. Осы туындылардың алдында медитация жасау, ғарыштық энергиямен біріктіру жақсы, бірақ жылқының терісі мен қой жүнінің киізін еске түсіретін туған топырақпен байланысын жоғалтпау керек.  Темір Бегімбет жасаған бейнелер – бұл суретшінің жүрегі мен қиялындағы  сиқырлы ағаш бұтақтарының жемісі.



«Екі әлемнің қақпасы» атты көрмесі өткен мен бүгіннен сыр шертетін, жер мен көктің рухтары туралы баяндап, адамның ізденімпаздығы мен өзін-өзі тануына жол ашады.


Экспозиция 2024 жылдың  5-ші мамырына дейін жалғасады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53