Дубайда Ай салынады

Дубайда Ай салынады Сурет: Ашық дереккөз

30 метрлік тұғырда орналасқан «Ай» түнде жарқырап тұрады


Ерекше архитектуралық шешімдерімен танымал Дубай қаласында Ай салынбақшы. Жер серігінің репликасында керемет қонақүй, спорт сарайы және тағы басқасы орналасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Канадалық кәсіпкер және Moon World Resorts Inc. сәулет компаниясының тең негізін қалаушы Майкл Хендерсон 274 метрлік айдың көшірмесін салуды ұсынып отыр. Ол 30 метрлік ғимараттың жоғары жағына орналастырылады. Жоба құны 5 миллиард АҚШ долларынан асады.


Хендерсон ұсынған жоба «Ай» деп аталады.


Сфералық құрылымның ішінде 4 000 нөмірлі қонақүй мен курорт, 10 000 адамды қабылдай алатын спорт сарайы, сондай-ақ қонақтар айда серуендей алатын «ай колониясы» болады.


30 метрлік тұғырда орналасқан «Ай» түнде жарқырап тұрады.


«Ай» әлемдегі ең биік 828 метрлік ғимарат – Дубайда орналасқан Бурдж-Халифа зәулім ғимаратына керемет үйлесім болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31