Доллар арзандады

Доллар арзандады Сурет: ашық дереккөз

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,76 теңгеге төмендеп, 443,784 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Almaty-akshamy.kz. 


Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 61,32 теңгені (-0,46) құрады.


Ұлттық банк еуро бағамын 486,91 теңге, рубльді 4,99 теңге деп белгіледі.


Ақша айырбастау орындарында доллар 445-448,5 теңге, еуро 483,5-488 теңге, ресей рублі 4,95-5,19 теңге аралығында сатылып жатыр.


Бұл ретте мұнайдың әлемдік бағасы аукционда әртүрлі бағытта өзгерді.

Осылайша ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы қыркүйектегі фьючерстерінің құны 1,17%-ға арзандап, барреліне 75,36 долларды құрады.


NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері барреліне 0,90%-ға өсіп, 70,42 долларды құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56