Дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарға байқау жарияланды

Дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарға байқау жарияланды Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

2024 жылғы 10 сәуірде сағат 10:00-де Алматы қаласында бірнеше номинациялар бойынша дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды (мақалалар, роликтер және т.б.) дайындау байқауы бойынша баспасөз конференция өтеді.


Жұрт назарын дін саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелеріне аудару. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы халықты дін саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары мен экстремистік және радикалды діни ағымдар идеологиясының зияндылығынан хабардар ету. Журналистер мен БАҚ-ты, сондай-ақ дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша материалдар жариялайтын басқа да тұлғаларды қолдау - байқаудың негізгі мақсаты.


 Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:



  1. Интернет-ресурстағы қазақ тіліндегі үздік мақала;

  2. Интернет-ресурстағы орыс тіліндегі үздік мақала;

  3. «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик;

  4. «Тикток» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик;

  5. үздік әлеуметтік бейнеролик;

  6. Digital Art шеңберіндегі үздік фотожоба;

  7. Үздік өлең;

  8. Үздік үндеу және ұран;

  9. Үздік пікір;

  10. Әлеуметтік желілердегі үздік тақырыптық пост.


Аталған 10 номинация бойынша жалпы жүлде қоры 3 050 000 теңгені құрайды.


Байқауды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «JASTAR» дамыту орталығы»  жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруда.


Конференция барысында байқаудың ұйымдастырылуы мен шарттары жайлы толыққанды ақпарат айтылады.


Шара Алматы қаласы, Smart.Point коворкинг центрі, Freedom конференц залында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:12

10:41

10:27

10:04

09:16

09:02

08:47

08:02

20:35

20:32

19:03

18:46

18:08

17:49

17:43

17:39

17:10

17:07

16:46

16:38

16:07

15:51

15:41

15:17

15:09