Депутаттар кітап оқи ма?

Депутаттар кітап оқи ма? Сурет: интернеттен

Депутат, блогер Дәулет Мұқаев инстаграм парақшасына видео жариялады.


Дәулет Мұқаевтің сұрағына жауап берген депутаттар қандай кітап оқып жүргенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Халық қалаулылары оқыған кітаптардың ішінде "Махаббат, қызық мол жылдардан" бастап шетел әдебиетіне дейін бар.


"Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттары Қарағанды облысына жолға шықты. Жұма қабыл болсын. Ал сіздің соңғы оқыған кітабыңыз қандай?" - деп жазды Дәулет Мұқаев.



Жанарбек Әшімжанов Флобердің "Бовари ханымын", Березовскийдің "Мемуарын", Нұрлан Әуесбаев Төрехан Майбастың "Құрмалдық" деген кітабын оқығанын, Айна Мысырәлімова Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" кітабын қайталап оқып жатқанын, Нұргүл Тау Лоретта Бройнинг "Бақыт гормондары", Асхат Аймағамбетов Эрих Мария Ремарктің "Триумфальная арка" кітабын оқығанын, Жұлдыз Досбергенқызы Рахат Мамырбектің "Ұлт туралы арманын" аяқтап, Франсис Фукуяманың "Либерализм және оған айтылатын сын" атты кітапты оқып жатқанын, Ринат Зайытов Тұрсын Жұртбайдың "Алаш қозғалысы" кітабын аяқтап, Санжар Керімбай құрастырған "Қуыс кеуде" атты кітапты оқып жатқанын айтса,  Гүлдара Нұрымова "Махаббат, қызық мол жылдарды" оқығанын, Нартай Аралбайұлы Оралхан Бөкейдің "Атаукересін", ал Ардақ Назаров "Құтты білікті" оқып, құнды ойларды жаттап жазып жатқанын айтты. Сұрақ қоюшы Дәулет Мұқаевтың өзі  Хараридің "Sapiens" кітабын оқығанын айтты.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53

09:50

09:35

09:20

09:05

08:45

08:35

08:20

08:10

21:01

20:48

20:38

19:05

18:45