Дәрігер қыста тұтынуға қажетті өнімді айтты

Дәрігер қыста тұтынуға қажетті өнімді айтты Cурет: Ашық дереккөз

Қыста тамақтанудың 40 пайызы етті құрау керек


Қыс мезгілінде тұтынатын тағамның шамамен 40 пайызы ет болуы керек. Оны жұмыртқа немесе балықпен де алмастыруға болады. Мәскеу Денсаулық сақтау департаментінің ересек тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша штаттан тыс бас маманы Андрей Тяжельников қыста тұтынуға қажетті өнім туралы осындай кеңес айтты. Бұл туралы РИА Новости жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Дәрігердің айтуынша, ет тұтыну адамға қуат береді, ағғзаны бұлшықет тінінің жоғалуынан және жұқпалы аурулардан қорғайды.



«Адам ағзасына климаттық жағдайлардың өзгеруін жеңуге көмектесу үшін ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералдар мен талшықтарды құрайтын теңдестірілген тамақтануды ұстану қажет. Қысқы тағамдар тойымды және жоғары калориялы болуы керек», - дейді Тяжельников.



Ол мұндай рацион күн сәулесі мен жылудың жетіспеушілігімен, сондай-ақ вирустар мен бактерияларға қарсы тұру қажеттілігімен байланысты екенін түсіндірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09