«Дариға, домбырамды берші маған!»

«Дариға, домбырамды берші маған!»

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясында Нұрғиса Тілендиев атындағы акедемиялық  фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестірінің «Дариға, домбырамды берші маған!» атты концерті болып өтті.


Нұрғиса Тілендиев көзі тірісінде  дәстүрлі өнерді өлтірмес үшін  «Отырар сазы»  оркестірін өз қолымен құрғаны белгіді. Дара таланттың көзі кеткен соң, оркестірдің тағдырына сенімсіздік танытқандар да болды. Бірақ, халқы барда саф өнер жалғасын тауып, оркестр  есептік  концертін  жыл сайын беріп отыруды  үрдіске айналдырды. Бұл жолы да  ғасырдан-ғасырға жетіп жатқан   өнер иесі Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған кешті тамашалауға келген көрерменнің  қарасы қалың болды. Сағынышқа толы кеш Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» күйімен ашылды.


Жалпы, бұл жолғы  кештің  өзіндік ерекшелігі-  бағдарламада Нұрғиса  Тілендиев пен оның  өмірлік  қосағы болған Дариға Тілендікелінінің  ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндері  ғана орындалды.  Концертке ақиық ақынның  да ұрпақтары  қатысып отырды.  Осылайша  «тондемнің»  әсерлі әуені, сырлы сазы кезектесе орындалып, тыңдарманын сырлы әлемге жетелеп, керемет күйге бөледі.



- Бірде біздің үйге Мұқағали Мақатаев келді. Мұқағали Нұрағаңды  сырттай жақсы білгенімен,  екеуі жақын таныс емес екен.   Біраз әңгімеден соң,  Нұрағаң  «Дах, домбырамды берші. Мұқағалиға күй орындап берейін»,- дегені.  Әлі есімде «Аққуды»,  сосын « Әлқисаны» тартты.  Ертеңіне  Мұқағали «Дариға, домбырамды берші маған» деген өлеңін жазып  әкелді.  Сөзін оқып шыққан Нұраған   дереу ән жазды. Жәй ғана әуен емес, классика!.  Содан екеуі  бір ай бойы   ән шығарды. Мұқағали  қайтыс боларынан  біраз күн бұрын   «Есіңе мені алғайсың» деген өленін жазып, Нұрағаңа тастап кеткен екен. Оған да ән жазды. Жалпы, Нұрағаң кеткен соң, мен үшін сағынышқа толы кезең басталды. Ол кісі 1998 жылы қайпас сапарға аттанса, мен 2000 жылдан бастап өз-өзімнен музыка жазып кеттім. Бұл да бір алланың құдіреті шығар. Музыка туған сайын  жаза бердім. Менің ойымша бұл текке емес,  Нұрағаң көктен  жіберіп жатыр- ау,-дейді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Дариға Тілендікеліні.




Иә,  ерекше дарын иесі Н.Тілендиевтің біздің арамыздан  кеткеніне де біраз уақыт өткен екен. Осынау  уақыт ішінде Нұрағаңның көзіндей болған  «Отырар сазы» өз  биігінен бір саты да  төмендеген емес. Қайта оның өнері хас таланттың  өр мінезіндей тасып, биіктеп барады.  Ізін басқан ұрпағы Дінзухрасы барда Нұрғиса Тілендиевтің отының өшпесі, өнерінің  өлмесі анық.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:12

10:41

10:27

10:04

09:16

09:02

08:47

08:02

20:35

20:32

19:03

18:46

18:08

17:49

17:43

17:39

17:10

17:07

16:46

16:38

16:07

15:51

15:41

15:17

15:09