Дания барлық шектеулерді алып тастады

Дания барлық шектеулерді алып тастады Сурет: Яндекс.Дзен

 Пандемиясыз әлем


Дания ел тұрғындарының 85% астамын коронавирусқа қарсы егіп, барлық шектеулерді ала бастады. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Соronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап


Дания Еуропалық одақ елдері арасында коронавирусқа қарсы вакциналаудың жоғары деңгейін көрсетуде. Осылайша ел пандемия режимінен шығып, шектеулерді алып тастауда.


Бұдан былай ел билігі COVID-19 вирусын ресми түрде «қауіпті ауру» деп санамайды деп мәлімдеді. Дүкендер Рождество мерекесіне бетпердесіз және әлеуметтік қашықтықсыз дайындалуда. Дәмханалар мен мейрамханаларға бару үшін QR-кодтар мен вакцинация сертификаты қажет емес.


Елде 12 жастан асқан халықтың 85% астамы толық егілді. 60 жас тобындағы барлық дерлік тұрғын вакцина алды. Айта кету керек, вакцинация бойынша мұндай жоғары көрсеткіш Норвегия мен Швецияда да бар. Израиль үкіметі 5-11 жас аралығындағы балаларды коронавирусқа қарсы егуге дайындық жүріп жатқанын хабарлады. Денсаулық сақтау министрлігінде түсіндіру науқаны бойынша дайындық жүруде.


Түпкілікті шешім АҚШ-тың, атап айтқанда, FDA сараптама комиссиясының 5 жастан бастап 28 миллион америкалық баланы иммундау үшін Pfizer вакцинасын қолдануға шұғыл лицензия беру туралы шешім қабылдауына қатысты болмақ. Егер вакциналау АҚШ-та мақұлданса, Израиль Денсаулық сақтау министрлігі де бұл мәселеге рұқсат беретін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09