COVID-19: әлемдегі жағдай

COVID-19: әлемдегі жағдай Сурет: Оtr-online.ru

Қазақстанның ірі қалаларында карантиндік шектеу енгізілді.


Ал Алматы эпидемиологиялық ахуалға байланысты «қоңыр қызыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметі бойынша, АҚШ ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға бір табан жақындады. Ересектерге арналған COVID-19 вакцинациясының мақсаты іс жүзінде орындалды. Жаңа типтегі коронавирустық вакцинаның кем дегенде бір дозасын 18 жастан асқан адамдардың 70% алды. Американың ересек тұрғындарының 60,6%-і толығымен егілді. Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша, АҚШ-та COVID-19  вирусына шалдығудың 35 миллионнан астам жағдайы тіркелген, 613 488 адам ауру салдарынан қайтыс болған.


Ұлыбританиядағы ересек тұрғындардың 88%-дан астамы COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды, 72%-тен астамы екінші дозасын қабылдаған. Алайда коронавирустың таралу деңгейі әлі де төмендеген жоқ. Өткен тәулікте 21 952 адам індетке шалдыққан.  Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 5 902 354-ке дейін өсті. Көз жұмған адамдардың жалпы саны 129 743-ке жетті. Жақында Ұлыбритания көптеген шектеулерді алып тастады. Ғалымдар карантинді жеңілдету вирустың қауіпті штамдарының таралу ықтималдығын арттыруы мүмкін деп ескертеді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

17:14

16:45

16:10

15:12

14:45

14:10

13:45

13:27

13:24

13:15

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45