Букмекерлік кеңселерде бәс тігу кезінде қатысушылардың бейне-биометрикалық идентификациядан өтуі міндеттеледі

Букмекерлік кеңселерде бәс тігу кезінде қатысушылардың бейне-биометрикалық идентификациядан өтуі міндеттеледі Сурет: Astanatv.kz

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ойын бизнесі туралы заң жобасын талқылау кезінде депутат Елнұр Бейсенбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Сонымен қатар, заң жобасында букмекерлік кеңселерде бәс тігу, ақша алу және төлеу кезінде қатысушыларды бейне-биометрикалық идентификациядан өткізу міндеттеледі. Ойын бизнесі ұйымдастырушыларының үшінші тұлғалардың банктік карточкаларына төлем қабылдауына шектеу қою мәселесі қарастырылған. Мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау және әскери қызметкерлердің бәс тігуіне тыйым салу ескерілген. Шамамен 220 мыңға жуық қызметкердің құмар ойын ойнауы шектеледі», - деді Е. Бейсенбаев.

Оның айтуынша, өз-өзін құмар ойыннан шектеуді 1 жылдан 10 жылға дейін созу қарастырылған.


Яғни егов-мобайл қосымшасы арқылы шектей алады. Бұл шектеуді қайтып қалпына келтіре алмайсыз.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:12

10:41

10:27

10:04

09:16

09:02

08:47

08:02

20:35

20:32

19:03

18:46

18:08

17:49

17:43

17:39

17:10

17:07

16:46

16:38

16:07

15:51

15:41

15:17

15:09