Бүгін - Халықаралық қар барысы күні

Бүгін - Халықаралық қар барысы күні Cурет: Ашық дереккөз

Елімізде 130-ға жуық қар барысы бар


23 қазанда әлемде Халықаралық қар барысы күні атап өтіледі. Бұл күн 2013 жылы Бішкектегі қар барысын қорғау туралы өткен дүниежүзілік форумда бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қар барысы таралу ауқымы мен саны азая бастаған жыртқыш ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген.


Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі елімізде 130-ға жуық қар барысы бар екенін хабарлайды.


Олар 9 ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мекендейді: Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Көлсай көлдері, Катон Қарағай, Сайрам-Өгем, Шарын, Алтын Емел МҰТП, Ақсу-Жабағылы және Алматы мемлекеттік табиғи қорықтары.


БҰҰ Даму бағдарламасы аясында «Қар барысын сақтау жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары» әзірленді. Жоспардың мақсаты қар барысының популяциясын ғылыми зерттеу болып табылады.


Фототұзақ арқылы «Алтын-Емел» МҰТП аумағын да қар бырысы мекен ететіні анықталды. Мұнда қар барысының отбасы тіркелген.
Қар барысы 2700-5000 метр биіктікте өмір сүреді. Құйрығының ұзындығы 1 метрге, денесінің ұзындығы 2,1 м жететіндері де кездеседі.


Қар барысы Қазақстаннан бөлек Қытай, Моңғолия, Индия, Непал, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Ресей, Ауғанстан, Бутан, Өзбекстан жерлерінде де кездеседі.


Жер бетіндегі қар барысының жалпы саны 4-6 мың аралығында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45

13:26

13:03

12:52

12:46

12:43

12:19

12:10

12:06

11:59

11:45

11:14

10:55

10:33

10:25

22:19

19:36

19:25