Бүгін елордада қандай мерекелік шаралар өтеді?

Бүгін елордада қандай мерекелік шаралар  өтеді? Сурет: All.accor.kz

Бүгін елорданың 24 жылдығына орай, астанада бірқатар мерекелік шара өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


«Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде «Елорда пейзаждары» атты арт-көрме жұмыс істейді.


Біріккен музейлер дирекциясы «Ел тірегі – Елорда» көрмесін өткізеді.


«Астана Опера» опера және балет театры «Шопениана» мен «Шехрезада» балеттерін ұсынады.


«Колизей» спорт кеңістігіндегі «Отан Ана» монументінің жанында стритболдан «Nur Sultan Cup» турнирі ұйымдастырылады.


«Астана Балет» театры «Орфей және Эвридика» балетінің премьерасына шақырады.


Триатлон паркінде «Elorda Tolqyny» спорттық жарысы болады.


«Қазанат» ипподромында шабандоздар «Елорда кубогы» үшін бәйге түрлерінен бақ сынайды. Кешке, сағат 18:00-22:00 аралығында «Астана-Арена» стадионының тұрағында дәстүрлі Open air «Халықпен бірге» өтеді.


«Қазақстан» ОКЗ «Дос-Мұқасан» ансамблінің шығармашылығына арналған «Далам менің» концертін ұйымдастырылады.


Ал сағат 21:00-де Амфитеатр сахнасында Ұлықпан Жолдасов «Ақ қанат – ақ құсым» бағдарламасымен өнер көрсетеді.


Айта кетейік, Астана күніне арналған іс-шаралар маусым айында басталды. Мәселен, Ермұрат Үсеновтің 70 жылдығына арналған «Өмір дастан» концерті, ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан «Елорда кубогы» халықаралық турнирі, көрмелер ұйымдастырылды.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09