Бүгін – елімізде Алғыс айту күні

Бүгін – елімізде Алғыс айту күні Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстан – бірнеше ұлт өкілінің басын біріктіріп отырған мемлекет


1 наурыз барша қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


2016 жылғы 14 қаңтардағы Президент Жарлығына сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурыз – Алғыс айту күні» деп жарияланды.


Осылайша сол жылдан бастап елімізде Алғыс айту күні халық мейрамы ретінде аталып өтеді. Қазақта «қарғыс алма, алғыс ал» деген сөз бар. Адамның шынайы ризашылығына бөлену рухани дем береді.


Қазақстан – бірнеше ұлт өкілінің басын біріктіріп отырған мемлекет. Алғыс айту күні - соның куәсі. Себебі бұл күні қазақстандықтар ұлтына, діні мен жас ерекшелігіне қарамастан, бір-біріне алғыс айтады.


Осы мерекеде бірі ата-анасына алғыс айтып жатса, екіншісі Отаны мен бұқара жұртқа ықыласын білдіріп жатады. Сонымен қатар атаулы мейрам күні барлық өңірде түрлі форматтағы мәдени және бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады.


Қазақстан халқы Ассамблеясының ақпаратына сәйкес, бүгін мерекеге орай елордадағы Достық үйінде республикалық телекөпір өткізу жоспарланып отыр. Оған еліміздегі барлық Достық үйінен 400-ден астам адам қатысады деп күтілуде.


Одан бөлек, дәстүрге сай Мемлекет басшысы отандастарымызды Алғыс айту күнімен құттықтайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:25

19:48

19:35

18:44

18:39

17:23

17:08

16:20

16:10

15:48

15:33

15:05

14:48

14:15

13:50

12:44

12:34

12:30

12:27

12:13

12:00

11:40

11:28

11:13