Боржоми барын жіберді

Боржоми барын жіберді Сурет: Атырау облысының жедел штабы

Атырауға су тасқынына байланысты Грузияның Боржоми қаласынан гуманитарлық көмек келді.



Облыстық жедел штабтың мәліметінше, Боржоми қаласының муниципалитеті Атырауға «Боржоми» минералды суының 3 мың бөтелкесін гуманитарлық көмек ретінде жіберген.




«Өткен жылдың қыркүйек айында Боржоми мен Атырау қалалары арасында бауырластық байланыс орнатылған еді. Биылғы су тасқынына байланысты Боржоми муниципалитеті Атырауға гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдаған», - деп хабарлады жедел штабтан.




Атырауда Грузия Республикасы капиталының қатысуымен 16 кәсіпорын тіркелген. Грузиямен сыртқы сауда айналымы былтырғы қаңтар-мамырда 396,9 мың АҚШ долларына жеткен. Мұнайлы шаһардан Кутаиси бағытына аптасына 3 әуе рейсі қатынайды. Алдыңғы жылы Атырау облысынан Грузияға демалу үшін 18 мыңнан астам турист барған. 


Атырау облысының жедел штабы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:12

10:41

10:27

10:04

09:16

09:02

08:47

08:02

20:35

20:32

19:03

18:46

18:08

17:49

17:43

17:39

17:10

17:07

16:46

16:38

16:07

15:51

15:41

15:17

15:09