Блинкен Бейжің сапарынан бас тартпады

Блинкен Бейжің сапарынан бас тартпады Сурет ашық дерек көзінен алынды

Түрлі ақпараттық және саяси қысымдарға қарамастан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қытайға сапарлай барды. Бұл оның өз лауазымына кіріскеннен бергі Қытайда алғаш рет ресми кездесу өткізуі. Қытайлық әріптесі Цин Ганмен кездесуде тараптар аз да болса дипломатиялық алға жылжыуға қол жеткізді.


АҚШ Мемлекеттік хатшысы Этнони Блинкен мен Қытай Сыртқы істер министрі Цин Ган 18 маусым, жексенбі күні Дяоюйтай мемлекеттік қонақ үйінде кездесті. Кездесу 7 жарым сағатқа созылды.



Әрине, Блинкен мен Цин Ган екі ел арасындағы қайшылықтың түбегейлі проблемаларын талқылауды кейінге сырып қойды. Себебі, Бейжің мен Вашингтонның жоғары лауазымдылары арасында көптен бері кездесу болмады. Бұл дегеніміз, талқылайтын мәселенің тым көп екенін көрсетеді. Ұзақ уақытан бері алғаш қол жеткізген жоғары деңгейдегі кездесуде терең қайшылықты еңсеріп кету тіптен мүмкін емес еді.



Дегенмен Блинкеннің жұмыс папкасында аймақтық қауіпсіздік, есірткіге қарсы күрес, климаттың өзгеруі, жаһандық макроэкономикалық тұрақтылық, екі жақта қамауға алынған азаматтары бойынша алмасу жасау және АҚШ-Қытай арасындағы қарым-қатынасты реттеу секілді мәселелер тұрды. Кездесуде де осы мәселелер талқыланды.



19 маусым. Бейжің. Энтони Блинкен және Уан И


Белгілі болғандай, Блинкен қытайлық әріптесін Құрама Штаттарға ресми сапармен баруға шақырған. Цин Ган бұны қабыл алған. Бұның өзі дипломатиялық жүрістердің жиілеуі мүмкін екенін білдірсе керек.


Әйткенмен, кездесуден кейінгі екі елдің ресми мәлімдемелерін салыстырсақ, кейбір маңызды салалардағы терең келіспеушілік әлі де сақталып отырғанын көре аламыз.


Ал бүгін, 19 маусымың таңында Блинкен қытайлық бұрынғы әріптесі әрі  Қытайдың сыртқы істер жөніндегі жоғары лауазымды тұлғасы, ҚКП ОК  Саяси Бюросының мүшесі, Орталық Сыртқы істер комиссиясы кеңсесінің директоры Ван Имен кездесті.



Ван И Блинкенмен талай мәрте кездескен. Сондықтан екеуінің кездесуі қазіргі Қытай СІМ басшысымен кездесуге қарағанда ауқымды тақырыптарға ауысқаны анық. Айталық, стратегиялық қарым-қатынас деңгейінде талқы өткізген болуы мүмкін. Ал, Блинкеннің кезекті Бейжің сапарында Қытай төрағасы Си Циньпинмен кездесетіні туралы нақты мәлімет болмаған.



Қалай десек те, Блинкен сапары АҚШ-Қытай арасындағы дипломатиялық салқындыққа аз да болса жылымық берді. Державалар арасындағы қарым-қатынас біздің ел мен аймаққа да белгілі деңгейдегі әсерін беретіндіктен, Бейжіңдегі кездесулер мен нәтижелерін назардан тыс қалдырмауға тура келеді.


Блинкен сапарына қатысты толықырақ «Алматы Ақшамы» басылымының алдағы санынан оқи аласыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:45

16:10

15:12

14:45

14:10

13:45

13:27

13:24

13:15

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45

13:26

13:03