Биыл жол ережесін бұзудың 4 миллионға жуық жағдайы анықталды

Биыл жол ережесін бұзудың 4 миллионға жуық жағдайы анықталды Kolesa.kz

Биылғы 7 айда жол ережесін бұзудың 4 млн-ға жуық жағдайы анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Жыл басынан ел жолдарында 7 180 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 1 017 адам қаза болып, 9 533 адам түрлі дене жарақатын алды», - деді С. Түсіпов.



Оның айтуынша, жолдағы қауіпсіздіктің айқындаушы факторы ретінде бұрынғысынша жүргізушілердің тәртібі қарастырылып отыр.



«Биылғы 7 айда жол ережесін бұзудың 4 млн-ға жуық жағдайы анықталды. Оның ішінде жылдамдықты асырудың 1,4 млн фактісі тіркелді», - деді ведомство өкілі.



Белгілі болғандай, осы жылы жол белгілері талаптары мен таңбаларды елемеудің 1 мыңға жуық оқиғасы анықталды. Бұдан басқа, 13 мыңнан астам жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:38

16:43

16:13

15:51

15:16

14:27

13:02

12:46

12:15

11:46

11:31

11:26

10:53

20:41

20:25

19:48

19:35

18:44

18:39

17:23

17:08

16:20

16:10

15:48

15:33