Биыл еліміздегі бірнеше қалада 5G желісін тарату ауқымы кеңейеді

Биыл еліміздегі  бірнеше қалада 5G желісін тарату ауқымы кеңейеді Сурет: Mediasat.info

Бұл туралы «Қазақстандағы 5G экожүйесін дамыту» онлайн-конференциясында айтылды.


Tele2/Altel бас директоры Сергей Коньков елімізде 5G технологиясы қаншалықты жылдам тарайтыны туралы түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Біз өзімізге технологияны іске қосу құқығын, жиілік ресурсын алу, желіні орналастыру міндетін алдық. Келесі бес жылға лицензиялық міндеттемелер бар. Біз бес жылда шамамен 3,5 мың базалық станция салуымыз керек. Бұл өз кезегінде 5G технологиясын пайдаланатындардың 80 пайыздан астамын қамтиды», - деді С. Коньков.



Осы орайда ол 5G технологиясының алғашқы секторлары Астана, Алматы және Шымкент қалаларында іске қосылғанын еске салды.



«Алғашқы базалық станция Астанадағы ЭКСПО аумағында орнатылды. Дегенмен ол ЭКСПО аумағын түгел қамтымайды. Алдағы бірнеше айда Астанада және басқа қалаларда қамту айтарлықтай кеңейеді», - деді спикер.



Еске салсақ, 2022 жылы желтоқсанда Қазақстанда 5G жиіліктерін тарату бойынша аукцион өтті. Бірінші тендерде жиілік 62,6 млрд теңгеге, екіншісінде 93,4 млрд теңгеге сатылды.


Үкімет басшысы Әлихан Смайылов 5G енгізуді 2027 жылға дейін аяқтауды тапсырды.


«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының еншілес компаниялары 2027 жылға дейін еліміз бойынша 7 мыңнан астам базалық станция салуға тиіс.


Биыл Астана, Алматы және Шымкент қалаларында осындай 486 станция пайдалануға беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:23

19:14

18:01

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37