Биыл елімізде 11 мыңнан астам азамат теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткен

Биыл елімізде 11 мыңнан астам азамат теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткен Сурет: Polisia.kz

Елімізде жыл басынан бері теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 11 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Осы жылдың бірінші тоқсанында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өткені үшін 11 417 адамды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Пойыздардың шұғыл тежелуінің 517 фактісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Сондай-ақ осы кезеңде еліміз бойынша пойыз астына 24 азамат түскен болса, оның 13-і өліммен аяқталды, 11-і түрлі жарақат алды. Мәселен, өткен тәулік ішінде екі адам пойыз астына түсіп кете жаздады. Бұл фактілер Ақтөбе және Түркістан облыстарында тіркелді. Абырой болғанда, барлық жағдайда пойыз машинистері жылжымалы құрамды тоқтатуға үлгеріп, қайғылы жағдайдын алдын алды. Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша екі құқық бұзушы белгiленбеген жерлерде темiржол арқылы өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жазатайым оқиғалардың алдын алу және жолын кесу мақсатында көлік полицейлері халықпен, жолаушылар пойыздарында және оқу орындарында тұрақты негізде профилактикалық сипаттағы жұмыстар жүргізіліп жатыр.


Барлық іс-шарада теміржол көлігі объектілерінде болған кезде негізгі қауіпсіздік ережелері жеткізіледі. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде департаментте жылжымалы құрамның балаларды қағып кетудің бірде-бір фактісі тіркелген жоқ. Көлік полицейлері азаматтарға темір жолда мұқият болу керектігін ескертеді. Темір жолдарды тек арнайы жабдықталған орындардан өту қажет.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:26

19:44

19:10

18:53

18:44

17:44

17:41

17:33

17:04

16:43

16:13

15:40

15:08

14:55

14:51

14:45

14:19

13:16

12:49

12:22

12:17

12:11

12:08

12:05

12:00