Бішкектегі қазақстандықтар дауыс беріп жатыр

Бішкектегі қазақстандықтар дауыс беріп жатыр

Бүгін Қырғызстанда уақытша тұрып жатқан қазақстандықтар үшін №264 сайлау учаскесі ашылды. Бұл учаске Қырғызстандағы Қазақстан Елшілігінде орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Референдум комиссиясының төрағасы Әсет Уәлиев «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында учаскеге 300-ден астам дауыс беруші келуі мүмкін екенін айтты. Елшілік алғашқы болып келген сайлаушыларға естелік сыйлықтар мен кәдесыйлар берді. Учаскеде бірінші болып Кадралиев Кубат Барыктабасұлы дауыс берді. Бішкектегі учаскеде халықаралық бақылаушылар жұмыс істеп отыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жапония мен Кореяда тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумда өздерінің дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды.


Шетелдегі дауыс беру учаскелері жергілікті уақытқа сай ашылып, референдумға қатысуға ниетті қазақстандықтарды қабылдап жатыр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:15

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08