Бірқатар шет мемлекеттердің басшылары Қазақстан халқын мерекемен құттықтады

Бірқатар шет мемлекеттердің басшылары Қазақстан халқын мерекемен құттықтады Сурет: Akorda.kz

Қазақстан Президентінің атына Жаңа жыл мерекесіне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтаулар келіп түсіп жатыр. ҚазАқпарат бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inform.kz-сілтеме жасап хабарлайды.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Рим Папасы Франциск, Вьетнам Президенті Нгуен Суан Фук, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Италия Президенті Серджо Матарелла, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Корея Президенті Юн Сок Ёль, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди, Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида, Жаңа Зеландияның Генерал-Губернаторы Синди Киро, сонымен қатар бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, шет мемлекеттердің көрнекті мемлекет қайраткерлері, шетелдік ірі компаниялардың, банктердің, қаржы институттарының, дипломатиялық миссиялардың басшылары мен басқа да ресми тұлғалар құттықтады.



«Құттықтау жеделхаттарында Қазақстанның шет мемлекеттермен екіжақты және көпжақты ынтымақтастығын нығайтудың маңызды аспектілері, басымдықтары атап өтілген. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқына жүрекжарды тілектер айтылған. Құттықтаулар әлі де келіп жатыр», - делінген Ақорда хабарламасында.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:15

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08