«Білмесең білдірем, білсең бүлдірем»

«Білмесең білдірем, білсең бүлдірем» almaty-akshamy.kz

деп серт берген адуынды ақпан айы есік қағып тұр.


«Қаңтар – аяз айы, ақпан – боран айы» деген бабалар. Жылқыны  жабулатып, сиырдың астына көң  төсететін де осы ай... Қыстың қытымыр айының «тұяқсерпер» соңғы аптасы басталды.


 Бүгін қолданыстағы күнтізбе қаңтардың 26-сын көрсетіп тұр. Қыстың қытымыр айының «тұяқсерпер» соңғы аптасы басталды. Жүріп жатқан «тоқырауын» амалы  кеше аяқталды. «Қарасуық» та бәсеңсіді. Алайда, «қыс шілдесі» әлі біткен жоқ. Қаңтардың соңғы күндерінде қыс күшіне енеді, сақылдаған сарышұнақ аяз болатын кез. 


Түркітілдестер, соның ішінде біздің бабаларымыз, ай атауларын ертегі мен аңызға немесе діни сенімге байланыстырып қоймаған. Орыс халқында  «Ильин день», «Петров день», «Рождество», тағы басқа ойдан шығарылған атаулар толып жатыр.


Қазақ керiсiнше, ай атауын табиғатпен, оның құбылыстарымен тікелей байланыстырып отырған. Қазекең табиғатқа жақын халық, соның «тілін» білген, сырын ұққан, керегін де дерегін де содан алған.



Ұлы даланы мекендеушілер ауа райының құбылысына Үркердiң әсерi барын бұрыннан-ақ сезген. Үркердің әрбір қимылын жіті қадағалап, қатаң бақылаған. «Үркердiң шалшыққа түсуі», «Үркердiң толғағы», «Үркердің батуы», т.б. толып жатқан Үркерге қатысты  амалдардың барлығы алдағы болатын ауа райын дөп басып, дәл болжауға мүмкіндік берген. Айталық, «Үркердiң аууы» (3–5 ақпан. Бұл кезде ауа райы жылылыққа бет бұрады). «Үркердiң жамбасқа келуі» (4–5 наурыздағы жылымық), «Үркердің батуы» (30–31 мамыр, 40 күндік шілденің басталуы) бәрi назардан тыс қалмаған. Тоғыс есебi де Үркердің қимылына қарап жүргiзiлгенi айтпаса да түсінікті.



Осы аптаның соңында адуынды ақпан айы басталады.


Қазақ  ай атауын табиғатпен, оның құбылыстарымен тікелей байланыстырып отырған. Қазекең табиғатқа жақын халық, соның «тілін» білген, сырын ұққан, керегін де, дерегін де содан алған.


 Данагөй бабалар: «Қаңтар – аяз айы, ақпан – боран айы» деген. Қаңтар бөгет салады, оны ақпан бұзады. Ақпан - қайталаманың ақ бораны. Ақпан айының: «Білмесең білдірем, білсең бүлдірем», - деген серті бар.


Ақпан алдамшы. Бір бүйіріңді қыздырса, екінші бүйіріңді мұздатады. Бір қолымен маңдайдан сипап, екінші қолымен маңдайдан шертеді.



Ақпан тұрақсыз: кейде аяздың беті қайтып, сынады, кейде аспан түнеріп, жапалақтап қар жауады. Оның бұрқасынды да, шуақты күндері алма-кезек. Ақпанда қыс пен көктем белдеседі. Қаңтарда бұрқасын, боран тәулік бойы соқса, ақпанда түнде, таң алдында соғады. «Жақсылығына барса – құт, жамандығына барса – жұт» айы. Амал кезінде бұрынғылар «Жылқы сауырынан, сиыр бауырынан» деп жылқыны жабулап, сиырдың астына көң төсейтін болған... Қазақы пайым осылай дейді.



Қолданыстағы күнтізбе бойынша, бүгін қаңтардың – 26-сы. Ай жүйесіне көз салсақ, ақпанның – 4-і. Қазақша, айдың –13-і. Апта айдың басын, ортасын және соңғы аптасын қамтып тұр. Бұл жағдай  аптаның (26 қаңтар – 1 ақпан аралығы) тұрақсыз болатынын аңғартқандай. Бірақ  аяз сынып, күннің ептен жылитынын да білдіріп тұрған сыңайлы. Жалпы ақпан – ашуы мол, асау ай. Сондықтан да бұл кезгі жылымыққа көп сене беруге болмайды...


 



БАБАЛАР БОЛЖАМЫ


Қыста:


*Күн құлақтанса, қатты аяз болады.


*Қаздар қаңқылдаса, жылы болады, аяқтарын бауырына тығып жатып алса, күн суытады.


*Әтеш бір аяғын көтеріп тұрса, қатты аяз болады.


*Тиін ұясын төменге салса, күн жылы, жоғарыға салса, күн суық болады.


*«Жақсылығына барса – құт, жамандығына барса – жұт» айы.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:42

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53

09:50

09:35

09:20

09:05

08:45

08:35

08:20

08:10

21:01

20:48

20:38

19:05