Бибосынов пен Дусматов арасындағы бітіспес бәсеке осы жолы немен аяқталар екен?

Бибосынов пен Дусматов арасындағы бітіспес бәсеке осы жолы немен аяқталар екен? Сурет ашық дерек көзінен алынды

Азия ойындары - 2023






Осының алдында жазғанымдай, қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов пен өзбек боксшысы Хасонбай Дусматов арасындағы басты бәсеке жақын. Басты болатыны, осы жекпе-жектен қайсысы аман өтіп, жеңіске жетсе соған Париж Олимпиадасына берілетін жолдамаға ие болу мүмкіндігі молая түседі. Бәстің бағасы да осында.




Олардың бұл жолғы кездесуінің ерекшелігі, енді екеуі Қазақстанда немесе Ташкенте емес, отандарынан тыс Ханчжоуда жұдырықтасып, әдіс-айласы мен тер төгіп жүріп жинаған күшін сынап көруге мүмкіндік алып отыр.




Сәкен алғашқы қарсыласы, Азияның қола жүлдегері Орхонт Оноболдты 5-0 есебімен жеңді. Бұл оның бабында екенін байқатады.




Хасонбай да Оңтүстік Кореялық Чо Сен Юнмен болған алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бітірді. Демек, ол да мықты.



Сәкен әлем чемпионы, Олимпиаданың қола жүлдегері болса, Хасонбай Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы.




Ағайынды екі елдің екі ұлы Азия ойындарына қандай дайындықпен келді? Қандай әдіс-айла қосты?  




Әрине, бұл әзірге жұмбақ.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53

09:50

09:35

09:20

09:05

08:45

08:35

08:20

08:10

21:01

20:48

20:38

19:05

18:45