Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатын еліміздің үш телеарнасы көрсетеді

Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатын еліміздің үш телеарнасы көрсетеді metaratings.ru

4 ақпанда Бейжіңде XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Олимпиаданың ашылу салтанаты «Құстың ұясы» ұлттық стадионында өтеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz



Қазақстанда бұл шараның тікелей трансляциясын үш телеарна – «Хабар», «Qazsport» және «Qazaqstan» ұйымдастырады. Ол Нұр-Сұлтан уақытымен 17:55-те басталады. Қазақстанның ашылу салтанатында шорт-трекші Абзал Әжғалиев пен конькиші Екатерина Айдова Ту ұстайды.



Бейжіңдегі Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді. Спортшылар 109 медаль жиынтығын сарапқа салады. Бұл жарыстарға Қазақстан құрамасы 34 спортшымен қатысуда. Отандық спортшылар Олимпиаданы 3 ақпанда бастады. Алғашқы болып фристайлшылар шықты. Ерлер мен әйелдер арасындағы іріктеу қорытындысы бойынша қазақстандықтардың ешқайсысы бірінші әрекетте финалға шыға алмады (екінші іріктеу 5 және 6 ақпанда өтеді).


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:44

19:10

18:53

18:44

17:44

17:41

17:33

17:04

16:43

16:13

15:40

15:08

14:55

14:51

14:45

14:19

13:16

12:49

12:22

12:17

12:11

12:08

12:05

12:00

11:52