Батыс Қазақстандағы тікұшақ апатына қатысты тергеу басталды

Батыс Қазақстандағы тікұшақ апатына қатысты тергеу басталды Сурет: Ашық дереккөз

Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды


Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақтың қатты екпінмен келіп қонуы оқиғасына байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.


Ішкі істер министрлігі 23 ақпанда болған оқиға Көліктегі полиция департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі, яғни абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әуе көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу бойынша тіркелгенін хабарлады.



«Қазіргі уақытта ҚР Бас көлік прокуратурасының қадағалауымен осы іс бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды», - делінген хабарламада.



Еске салайық, оқыс оқиға сағат 16:05-те болған. «Қазавиақұтқару» АҚ-ға тиесілі МИ-8 тікұшағы «ҚазТрансОйл» АҚ-тың магистральды мұнай құбырлары желісін жоспарға сай көктен шолып, Атырауға кері оралғанда Орал әуежайынан 54 шақырым жерде бар екпінімен қонған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:44

19:10

18:53

18:44

17:44

17:41

17:33

17:04

16:43

16:13

15:40

15:08

14:55

14:51

14:45

14:19

13:16

12:49

12:22

12:17

12:11

12:08

12:05

12:00

11:52