Батыс Қазақстанда су қоймасынан мыңнан аса киіктің өлексесі табылды

Батыс Қазақстанда су қоймасынан мыңнан аса киіктің өлексесі табылды Сурет: Бөкей ордасы ауданы әкімдігі

Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.


Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында  мыңнан аса киік қырылып қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумовтың айтуынша, оқиға 12 сәуір күні кешкісін Мұратсай ауылдық округінде болған. Киіктердің өлексесі ауыл маңындағы Мұратсай су қоймасынан табылған.



«Сәуір айында осы Мұратсай ауылының тұсымен киіктер Жәнібек ауданына қарай төлдеу үшін өтеді. Әлсіз болды ма, әлде бірін-бірі тапап өлтірді ме, себебі белгісіз. Қазіргі кезде «Охотзоопром» мекемесі, «Бөкей ордасы» табиғи резерваты, аудан және ауыл әкімдігі қызметкерлері, ветеринар мамандар судан өлекселерді шығарып, шұңқырға көміп жатыр. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінен ғалымдар келеді, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқарма қызметкерлері судан сынама алды. Жағдай бақылауда. Оқиғаның жай-жапсары анықталады», деді Н.Даумов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:15

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08