Батумиде Азия мәдениетінің фестивалі басталды

Батумиде Азия мәдениетінің фестивалі басталды Сурет: 24.kz

Грузияның Батуми қаласы сан түрлі мәдениет пен өркениетті тоғыстырған орталыққа айналды.


Батумиде Азия мәдениетіне арналған фестиваль басталды. Сары құрлық елдері бас қосқан бұл шарада әр мемлекет өзінің ұлттық тағамы мен киімін, әдет-ғұрпы мен ойын-сауық дәстүрін таныстырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.



«Мен Батумиге Қытай шайының қалай дайындалатынын көрсету үшін келдім. Фестиваль қонақтарына біз ұсынған шай мен тағамдар ұнағандай болды. Жалпы біз Грузияда Азия елдері тағамдарының танымал болғанын қалаймыз. Мұндағы мақсатымыз – Батумидің экономикасы өрлеп, туризмінің түлеуіне көмектесу», - дейді сатушы.



Фестивальдің негізгі идеясы – діні мен ділі, көзқарасы мен талғамы бөлек азаматтарға тек Азия елдеріне тән құндылықтар мен қасиеттерді көрсету. Сонымен қатар аймаққа көптеп турист тартудың бір жолы.



«Фестиваль 6 аймаққа бөлінген. Оның ішінде тамақтану, ойын-сауық, кино мен тағы да басқа алаңдар бар. Кешкісін тегін концерт өтеді. Бұл фестиваль бұған дейін Қытай жерінде ұйымдастырылды. Енді, міне, Батумиде шымылдығын түріп, туристерді қарсы алып отыр», - дейді Азия фестивалін ұйымдастырушы Татули Жанжгава.



Ауқымды шара қыркүйектің 30-ына дейін жалғасады. Яғни, Қара теңіздегі туристік маусымның ең тәтті кезеңі аяқталғанға дейін жұмыс істейді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:17

16:16

15:43

15:15

14:41

14:14

13:13

12:49

12:13

11:49

11:28

10:47

10:22

17:38

16:43

16:13

15:51

15:16

14:27

13:02

12:46

12:15

11:46

11:31