Бас мүфти Алматы имамдарына дәріс оқыды

Бас мүфти Алматы имамдарына дәріс оқыды Сурет: ҚМДБ

Имамдардың жан-жақты, білімді болуы – заман талабы.


ҚМДБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған ресми сапары барысында Нұр-Мүбарак университетінде имамдарға «Дағуат әдістері» тақырыбында дәріс берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Имамдарға насихат айтудың тәсілдерін жан-жақты түсіндірген Бас мүфти: «Өздеріңіз жақсы білесіздер, жыл басында мен барша дін қызметкеріне бағдарлық баяндамамды жолдадым. Осы бағдарлық баяндамамда имамның қоғамдағы рөлі мен орнын айрықша атап өттім. Өйткені имам – қоғамды тәрбиелеуші, ағартушы тұлға. Отаншыл, еңбексүйгіш, аманатқа адал, ата-анасын қадірлейтін иманды ұрпақ тәрбиелеуде имамның атқаратын рөлі ерекше. Халқымыздың рухани дамуына, қоғамда отбасы құндылығының артуына ағартушы ұстаздар мен дін қызметкерлері үлкен үлес қосып келеді. Имамдардың жан-жақты, білімді болуы – заман талабы. Дін қызметкерлері мықты уағызшы болуымен қатар, үнемі ізденіс үстінде жүріп, салауатты өмір салтын сақтап, сүннет жолынан таймауы тиіс», - деп атап өтті.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:44

19:10

18:53

18:44

17:44

17:41

17:33

17:04

16:43

16:13

15:40

15:08

14:55

14:51

14:45

14:19

13:16

12:49

12:22

12:17

12:11

12:08

12:05

12:00

11:52