Балқытылған ірімшіктен қандай қауіп бар?

Балқытылған ірімшіктен қандай қауіп бар? Сурет: Gastronom.ru

Ірімшік, сүзбе өнімдерін көпшілік әсіресе таңғы ас кезінде жиі тұтынады. Дүкен сөрелерінен түр-түрі табылатын балқытылған ірімшік нанға жағып, бутерброд немесе соус жасағанға өте ыңғайлы. Дегенмен, кез келген өнімді пайдаланбас бұрын оның құрамын тексеріп, оның қауіпсіз екеніне мән берген жөн...


Көпшіліктің сүйіп жейтін балқытылған ірімшіктің құрамында табиғи ірімшікке қарағанда тұз, консерванттар мен майлар көп көрінеді.


Бұл туралы ресейлік  диетолог Александра Разаренова Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты. Маманның сөзінше,  бұл өнімді шектеулі мөлшерде ғана пайдалану керек.


Диетолог балқытылған ірімшіктің қолдануға ыңғайлы екенін және өзінің жұмсақ  консистенциясымен тартымды екенін атап өтті, бірақ белгілі бір текстураға қол жеткізу үшін оған қосылатын қоспалар  әрдайым пайдалы бола бермейтінін де атап өтті.



«Бұл эмульгаторлар, бояғыштар, хош иістендіргіштер, дәмін келтіргіштер, тұрақтандырғыштар және консерванттар. Балқытылған ірімшік өндірісінде транс майлар жиі қолданылады», - деп атап өтті Разаренова.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09