Баланы мемлекеттік органның тартып алуына мүмкіндік беретіні рас па?

Баланы мемлекеттік органның тартып алуына мүмкіндік беретіні рас па? Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Парламентте әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әзірленген заң жобасы талқыланып жатыр.


Қазір осы құжатта «Отбасылардан балаларды мемлекеттік органдардың тартып алуына мүмкіндік беретін нормалар бар» деген жаңсақ ақпарат таратылуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


 Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми мәлімдеді. Қаралып жатқан заң жобасында және Мәжілістегі басқа да құжаттарда балаларды отбасылардан тартып алуға қатысты бір де бір норма жоқ. Ведомство әртүрлі фейкке сенбеуге шақырады.


Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі: - Мемлекеттік саясат баланың туған отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз етіп, балаларды тәрбиелеу мен қауіпсіздігін сақтау мәселелерінде ең алдымен ата-аналарға басымдық беруге бағытталған. Мемлекет өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға арналған тиімді шараларды үнемі іске асырып келеді. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялар құрылған психологиялық және отбасын қолдау орталықтарының жұмысы шеңберінде осындай отбасыларға тұрақты түрде көмектер көрсетілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:26

19:44

19:10

18:53

18:44

17:44

17:41

17:33

17:04

16:43

16:13

15:40

15:08

14:55

14:51

14:45

14:19

13:16

12:49

12:22

12:17

12:11

12:08

12:05

12:00