Балаларға қосымша білім берудің бірыңғай веб-порталын әзірлеу қажет - Ералы Тоғжанов

Балаларға қосымша білім берудің бірыңғай веб-порталын әзірлеу қажет - Ералы Тоғжанов Сурет: Externat.foxford.ru

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.


Оның айтуынша, Білім және ғылым министрлігімен бірге балаларға қосымша білім берудің бірыңғай веб-порталын әзірлеу мәселесін де пысықтау қажет. Бұл мәселені вице-премьер Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында қозғады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Бірыңғай веб-портал секциялар мен үйірмелерге баратын балалардың статистикасын жүргізуге, мемлекеттік қаражаттың жұмсалуын қадағалауға және ата-аналар үшін тиісті секцияларға өтінім беруге өте ыңғайлы деп ойлаймын. Бұл жерде де мәселе аз емес. Бұған кей жерлерде азаматтардың қарсы шығып жатқанын да білемін. Неге десеңіздер, ол өте ыңғайлы. Ешкім балалар қай жерде шұғылданып жатқанына, бапкердің біліктілігі келе ме, келмей ме жауап бермейді. Бір сөзбен айтқанда, ол жердегі азаматтардың нақты жауапкершілігін белгілеу керек. Берілген қаржының нақты, нәтижелі ұйымдастырылуының өзі - тікелей алдымызда тұрған міндет», - деді вице-премьер.



Осы ретте Ералы Тоғжанов Мәдениет және спорт министрлігіне мемлекеттік спорттық тапсырысты Білім және ғылым министрлігінің қосымша білім беру жүйесімен ықпалдастыруды тапсырды.



«Оңай жұмыс емес. Бірақ, осыны ұйымдастыруымыз керек. Әрбір бала қайда баратынын білуі керек. Бала үйірмеге бүгін барғанымен, бір айдан кейін айнып, басқа жерге барамын деуі мүмкін. Жарты жылдан кейін ойы тағы өзгеруі мүмкін. Негізгі мақсат - бөлінетін ақша баланың соңынан жүруі тиіс. Оның есебі болуы қажет», - деді Үкімет басшысының орынбасары.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56