Балаларға буллинг жасағандарға айыппұл салынады

Балаларға буллинг жасағандарға айыппұл салынады Сурет: Almaty-akshamy.kz

Енді біреудің баласын қорқытып, буллинг жасағандарға 37 мың теңге көлемінде (10 АЕК) айыппұл салынады.


Ал буллинг, кибербуллинг бір жылда екі рет қайталанса, онда айыппұл көлемі бірден үш есеге өседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Яғни, балаға сес көрсеткен адамға 110 мың теңгеден жоғары айыппұл төлеу міндеттеледі.


Мұндай әрекетке 12 мен 16 жастағы жасөспірімдер барса, айыппұл баланың ата-анасына салынады. Бұдан бөлек баланы қоғамдық көліктен мәжбүрлі түрде шығарып жіберуге болмайды. Бұған да айыппұл салынады.


Президент 15 сәуірде қол қойған Балалардың құқығы мен қауіпсіздігіне қатысты заң 16 маусымда күшіне енеді. Жаңа талапқа сай енді лагерь, сауықтыру орталықтары сияқты мекеменің барлығы еш ескертусіз тексеріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:15

12:02

11:58

11:40

11:32

11:12

10:41

10:27

10:04

09:16

09:02

08:47

08:02

20:35

20:32

19:03

18:46

18:08

17:49

17:43

17:39

17:10

17:07

16:46

16:38