«Азаттық аңсаған»

«Азаттық аңсаған» almaty-akshamy.kz

Желтоқсан көтерілісіне арналған кітап жарық көрді


«Жерұйық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығы мен Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, алаштанушы ғалым, публицист, философия ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепбергеннің «Азаттық аңсаған» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



Автор «Азаттық аңсаған» деректі хикаятында  1986 жылғы Алматы қаласындағы Желтоқсан көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі - Құрманғазы Айтмұрзаев турасында ой толғайды. Сол кездегі Алматы қаласындағы Театр және көркемсурет институтының студенті Құрманғазы Айтмұрзаевтың кезінде репрессияға ұшыраған атасы турасында, өзінің достарымен бірге Желтоқсан көтерілісін тікелей ұйымдастырып, түрменің кермек дәмін татқаны жайында және одан кейінгі кезде азаматтық ұстанымын көрсеткен қайсар азаматтың тағдыры туралы сыр шертеді. Сондай-ақ  автор Желтоқсан көтерілісіне қатысты мағлұматтарды да нақты деректермен дәйектейді, желтоқсандық қаhарман кейіпкерінің болмысын ашуға ұмтыла отырып, Желтоқсан көтерілісінің беймәлім қырларын баяндайды.




Еңбек жалпы тарихшыларға, репрессия тақырыбына, Желтоқсан көтерілісіне қызығушылық танытқан барша оқырманға, қалың қауымға, жастарға, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Автор тарихи ақтаңдақтар мәселесін бүгінгі көзқарас тұрғысынан жіті саралаған, жете зерттеген. Кітап кейіпкерінің тағдыр талайы мен тағылымынан жұртшылыққа, әсіресе жастарға алар тәлім жетерлік. Кітап қарапайым тілмен жазылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08

10:53