Автогаздың бағасы әзір өзгермейді

Автогаздың бағасы әзір өзгермейді Сурет: Kolesa.kz

Бұған дейін шекті бағалардың мерзімі 1 қаңтарға дейін болған.


Бәсекелестікті қорғау агенттігі сұйытылған газдың бағасын мемлекеттік реттеу шаралары тағы жарты жылға ұзартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



29 желтоқсанда күшіне енген бұйрыққа сәйкес, автогаз құю станцияларында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге баға жағынан уақытша мемлекеттік реттеу 2023 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылады.



Мемлекеттік реттеу аясында республикадағы автогаз құю станцияларында сұйытылған мұнай газының бөлшек саудасы литрі үшін 50-75 теңге құрайды.


Шекті баға әрбір аймақта әртүрлі:


Астанада – литріне 70 теңге;


Алматыда – литріне 65 теңге;


Ақтөбе, Атырау мен Маңғыстау облыстарында - литріне 50-55 теңге;


Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жетісу мен Ұлытау облыстарында – литріне 70-75 теңге;


Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан мен Абай облыстарында – литріне 60-65 теңге.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:42

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53

09:50

09:35

09:20

09:05

08:45

08:35

08:20

08:10

21:01

20:48

20:38

19:05