Ауғанстан заңдарында шариғат басымдылығы болады

Ауғанстан заңдарында шариғат басымдылығы болады Сурет: Central Asian

Олар теократиялық диктатураға қайта оралып жатыр.



«Талибан» қозғалысының жоғарғы жетекшісі Хайбатулла Ахунзада ауған судьяларына сотта және үкім шығаруда шариғат заңдарын қолдануды бұйырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Central Asian cілтеме жасап.


Бұл қылмыс жасағаны үшін жаза ретінде көпшілік алдында жазалау, таспен ату, бас пен аяқ-қолды кесу дегенді білдіреді. Талибандар өткен жылдың тамыз айында билікке оралғаннан кейін басқару әдісі 1990 жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жұмсақ болатынын уәде еткенімен, олар теократиялық диктатураға қайта оралып жатыр.


Ахунзада билерді ислам заңы бойынша «худуд» санатына жататын, жазалары қатаң белгіленген және жеңілдету мүмкін емес қылмыстарға ерекше назар аударуға шақырды. Бұл ұрлық, тонау, зинақорлық немесе оған жалған жала жабу, ішімдік ішу және діннен шығу. Құқық қорғаушылар қорқатындай, үкіметтің пікіріне қайшы келетін кез келген азаматтық әрекетті «жолдан шығу» санатына жатқызуға болады.


Өткен жылы Ауғанстанда тәліптер билікке келгелі бері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде қылмыскерлерді ашық жазалағаны туралы кадрлар пайда болды - оларды таяқпен ұрып-соққан. Талибан полициясы сондай-ақ тұтқындау кезінде қайтыс болған қылмыскерлердің мәйіттерін көпшілікке көрсетуде.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55