Ауғанстан мен Иран шекарасында атыс болды

Ауғанстан мен Иран шекарасында атыс болды Сурет: Ашық дереккөз

Оқты кім бірінші атқаны белгісіз


Тәліптер мен ирандық әскерилер Ислам Республикасының Ауғанстанмен шекарасында оқ атысты. Салдарынан сарбаздар қаза тапты, жарақат алғандар бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қақтығыс суға таластан болған. Оқты кім бірінші атқаны белгісіз. Қос тарап бірін-бірі айыптап отыр.


Оқиғадан кейін Иранның Белуджистан мен Ауғанстанның Нимроз аймағында орналасқан ірі шекара бекеті жабылды, деп жазды Zakon.kz.


Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдул Нафи Такор Иран тарапы бірінші болып оқ жаудырды деп айыптады.


Такор атыс кезінде екі елден екі адам қаза тапқанын айтты, деп жазды Al Jazeera.



"Қазір жағдай бақылауда. Ислам әмірлігі (Ауғанстан) көршілерімен соғысқысы келмейді", - деді баспасөз хатшысы.



Кейін IRNA агенттігі екі ирандық шекарашының қаза тапқанын және екі ирандық бейбіт тұрғынның жараланғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08

10:53

10:50

10:49