Ата-ана мен балаға тосынсый

Ата-ана мен балаға тосынсый Суреттер: Almaty-akshamy.kz

Кеше, 1 маусым күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Балаларды қорғау күніне орай Ашық есік күні өтті.


Бұл күні ата-аналар Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жетекші мамандарына балаларын тегін қаратып, кеңес ала алды.



Ашық есік күні барлығы 100-га жуық балаға тегін консультациялар жүргізілді. Педиатрия орталығының балалар педиатрлары — пульмонолог, гастроэнтеролог, кардиолог, ревматолог, уролог, хирург, кардиохирург, невропатолог, қан тамырлары хирургы, эндокринолог мамандары балалардың денсаулығын тексеріп, сырқауды емдеу бойынша ата-аналарға қажетті ақпараттарды берді. Сонымен қатар, бұл күнге келген ата-аналар жүректің және іш қуысы мүшелерінің және бүйректің ультрадыбыстық зерттеуінен тегін өтуге мүмкіндік алды.



Орталық мамандары шара аясында ата-аналармен бала емізу, дұрыс тамақтану, иммунопрофилактика, жеке бас гигиенасы, гаджеттердің өсіп келе жатқан ағзаға тигізетін зияны туралы әңгімелер жүргізді.



«Педиатрия орталығы жанындағы ақылы диагностикалық бөлімге  келушілер саны басқа күндері де көп. Бұл акция келушілер үшін нағыз тосын сый болды. Ата-аналары тегін қарап жатқанын біліп, қатты қуанып жатыр. Бүгін келген ата-аналар барлық қабылдаулар мен узилерден тегін өткендері үшін дән ризашылықтарын білдіруде. Балалар үшін де тосын сыйлар әзірленіп, әдемі түсті шарлар мен сыйлықтар сыйға тартылды», - дейді Ақылы диагностикалық кеңес беру бөлімінің меңгерушісі Альфия Назарова.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53