Астанамыздың тұрғындарының саны 24 жылда 4 есе өсті

Астанамыздың тұрғындарының саны 24 жылда 4 есе өсті Сурет: Inform.kz

Бүгін – астана күні. Биыл елордамызға 24 жыл. Осы уақыт ішінде қала тұрғындарының саны 4 есе өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Бюро ұсынған мәліметке сәйкес, 1998 жылы ел астанасы атанған Ақмола қаласында 326 мың адам тұрған. Содан бері елорда тұрғындарының саны 4 есеге жуық өсіп, қазір 1 млн 262 мың адамға жетті. Астанада 24 жыл бұрынғыдай әйелдердің саны басым.


Егер сол уақытта қалада 174 мың әйел және 152 мың ер адам тұрған болса, қазір әйелдер саны – 657 мың (52%), ерлер – 605 мың (48%).


1998 жылы елордада 3 400 бала дүниеге келсе, 2021 жылы 31 мың бала туған, осылайша туу коэффициенті 11-ден 25,9-ға (мың адамға шаққанда) дейін өсті.


1998 жылы қалада 48 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеген. Қазір олардың саны – 147. Ал, аурухана ұйымдарының саны 15-тен 45-ке дейін артты.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09