Асқар Мамин: Санитариялық режимді бұзуға жол бергендерге қатаң шара қолдану керек 

Асқар Мамин: Санитариялық режимді бұзуға жол бергендерге қатаң шара қолдану керек  Inform.kz

Санитариялық режимді бұзуға жол бергендерге қатаң шара қолдану керек Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып тұр. Инфекциялық ауруханалардағы орындардың жүктемесі 30 пайыз, ал реанимациялық орындардың жүктемесі 26 пайызды құрап отыр. Дегенмен, бұл аурудың Еуропаның бірқатар елдерінде және де шекаралас елдерде өскенін ескерсек, санитариялық талап іс-шаралары жаппай сақталуға тиіс. Барлық өңірлерде әкімдіктер санитариялық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторинг топтарының жұмысы мен тиімділігін күшейтсін. Санитариялық режимді бұзуға жол бергендерге қатаң шара қолдану керек», - деді Үкімет басшысы.



Оның дерегінше, қазіргі уақытта 8,5 млн-нан астам адам бірінші компонентті, 7,7 млн адам екінші компонентті салдырды. Ал 22 қарашадан бастап ревакцинациялау басталады.


«Осыған байланысты егу пункттерінің, медицина ұйымдары мен медицина жұмыскерлерінің әзірлігін қамтамасыз ету қажет», - деген Асқар Мамин жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45

13:26

13:03

12:52

12:46

12:43

12:19

12:10

12:06

11:59

11:45

11:14