Асқа адалдық, басқа амандық...

Асқа адалдық, басқа амандық... restoran.kz

Асыл дінімізде мұсылмандардың өміріне қажетті барлық сала түгел қамтылған. Алла және оның елшісі рұқсат еткен дүниелерді «халал», яғни адал дейміз. Халал сөзінің мағынасы өте ауқымды, әуелі халал ас-ауқатқа, күнделікті ішіп-жейтін тағамға қатысты.

Қазақ халқы астың адал болуына аса мән берген. «Ауру – астан» деп пайдасыз, зиянды тағамдарды шектеп отырған. Бабаларымыздан «басқа амандық, асқа адалдық берсін» деген сөз қалған. Бастың амандығы, астың адалдығы қашаннан мәнін жоймаған құндылық болса, бүгінгі таңда оның өзектілігі тіптен артуда. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Әй, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер! Және шайтанның ізіне ермеңдер! Өйткені, ол сендерге ашық дұшпан» («Бақара» сүресі, 168-аят).

Алла Тағала адамзатқа Алланың атымен бауыздалған төрт түлік мал, құс, кейбір жабайы аңдарды халал етті. Ал Алланың аты айтылмай бауыздалған мал, құс, сонымен қатар шошқа еті, қан, өлексе, т.б. харам етілді. Әлем жан-жақты дамыған қазіргі уақытта түрлі қоспаларға толы күнделікті тұтынып жатқан тағамдардың құрамы қандай? Көп адамдар оған мән бермей пайдалануда. Әрбір мұсылман харамнан сақтануы міндетті. Хақ елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) астың адал болуы жайында мұсылмандарға былай жеткізеді: «Адалды іздеу – әрбір мұсылманның міндеті».



Құран Кәрімде Алла Тағала: «Уа, пайғамбарлар қауымы! Адал, таза һәм пайдалы ас-судан жеп-ішіңдер, әр кез игі іс істеңдер», – деп бұйырған. («Мүминун» сүресі, 51-аят). «Мәфәтиху әл-ғайб» кітабында Фаһруддин ар-Рази: «Бұл аят пайғамбарларға қарата айтылғанымен, мүміндерге де тікелей қатысты. Аяттың құрылымына мұқият мән берер болсақ, игі іс істеу үшін алдымен жеген асыңның адалдығына мән беруің керек деген мағына шығады. Себебі, аятта «игі іс істеңдер» деген бұйрықтың алдында «адал, таза ризықты жеңдер» деген нұсқауы бар».



Шындығында, біз қандай ас жесек, рухымызға сол әсер етеді. Иманың әлсіреп, Құран санаңа қонбай жатса, міне мән беру керек дүние асыңның халал болмағы. Бұл үйде ас дайындап жүрген әйелдерге де, сол азықты тауып келіп жүрген ер адамға да қатысты.

Ертеректе сахаба аналарымыз жолдасын жұмысқа шығарып саларда: «Бізге адал нәсібе әкеліңіз, Қияметте арам астың кесірінен өртеніп жүрмейік», - дейтін болған. Қасиетті Құранда: «Алла құлдарына өте шарапатты. Қалағанына (қалағанынша) ризық береді. Ол – шексіз күш-қуат иесі, бәрінен үстем һәм құдіретті», – делінген.


Әзірлеген Айнұр СЕНБАЕВА

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:17

16:16

15:43

15:15

14:41

14:14

13:13

12:49

12:13

11:49

11:28

10:47

10:22

17:38

16:43

16:13

15:51

15:16

14:27

13:02

12:46

12:15

11:46

11:31